Атырау, 6 мамыр 04:10
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Атырауда тағы 1500 отбасы апатты үйлерден көшірілмек

4 145 просмотра

Келесі жылы Атырауда апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасыларды жаңа 1500 пәтердің пайдалануға берілуіне байланысты кезең-кезеңмен көшіру жалғасады, деп хабарлады Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Олардың ақпараты бойынша, өткен жылы көппәтерлі 4 үйдің, биыл 9 үйдің тұрғындары көшірілген.

- Тұрғындарды көшіру ондаған жылдар бойғы мәселе еді. Атырауда апатты үйлерде тұрған қала тұрғындарының 40%-ы жаңа баспанаға қоныстанды, - деп атап өтті коммуникациялар қызметінде.

Қазір облыста 82 апатты көппәтерлі үй бар. Оның 51-і – апатты, 26-сы – тозығы жеткен күйде. Қалған бесеуі – санитариялық талапқа сай келмейтін жатақхана. Апатты үйдің көпшілігі 1960 жылдары салынған.

Бұдан бұрын «АЖ» Молдағалиев көшесі, 30, 33А және Төлебаев көшесі, 44 мекенжайындағы жатақхана тұрғындарына жыл аяғына дейін жаңа баспана беріледі деп хабарлаған болатын.

Айнұр САПАРОВА

7 желтоқсан 2020, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.