Атырау, 5 мамыр 23:01
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тұрғындар үшін жылу қымбаттаған жоқ

3 826 просмотра

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы энергетикалық кешен кәсіпорындары үшін жаңа тарифтерді жариялады.

«Атырау Жарық» АҚ-ның электр энергиясын жеткізу қызметі кВт/сағ үшін 4,87-ден 5,07 теңгеге қымбаттады (өсім 4,11%).

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның жылу энергиясын беру және тарату қызметі бір гкал үшін 4976,76-дан 5310,95 теңгеге дейін көтерілді (өсім 6,72%).

«Атырау ЖЭО» АҚ-ның жылумен жабдықтау қызметі «бюджеттік» және «басқа тұтынушылар» санаты үшін қымбаттады – бір г/кал үшін сәйкесінше 13526,17-ден 16078,17-ге дейін (өсім 18,87%) және 13157,28-ден 14209,86-ға дейін (өсім 8%).

- Тұрғындар үшін ЖЭО жылу энергиясының тарифі бұрынғы деңгейде қалады, - дейді Департамент басшысы Алмагүл ЕРМҰРАТОВА. - Біз бұл бағытта көп жұмыс жасадық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қараша 2020, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.