Атырау, 19 мамыр 13:09
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев бетперде мен ПТР-тест бағасына қатысты тапсырма берді

2 901 просмотра

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына агенттік құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Серік Жұманғарин ведомствоның ашықтық саясатын жүзеге асырып жатқанын айтты. Проблемалық мәселелерді қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін краудсорсингтік алаңдар мен кедергілер жөніндегі кеңестердің құрылғанына тоқталды.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ, Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сауда биржаларының қызметіне, сұйытылған газ бағасын арзандатуға, нарықтағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға қатысты жасалған жұмыстар сөз болды.

Тоқаев ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының және дәрі-дәрмек бағасын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттемелер жүктеді.


12 қараша 2020, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.