Атырау, 19 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда полиция 18 жезөкшені ұстады, оның екеуі трансвестит

Сурет Бейнежазба
4 771 просмотра

10 қараша мен 14 қараша аралығында атыраулық полиция қызметкерлері «Тоқта, трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізді. Екі күн ішінде 18 «түнгі көбелек», оның ішінде екі трансвестит анықталды.

Алғашқы күні Атырауда қонақүйлердің бірінің жанында сексуалдық сипатта қызмет ұсынған үш қыз анықталды. Олардың екеуі - бірі Өзбекстаннан, екіншісі Қырғызстаннан келген шетелдік азаматша болып шықты; үшіншісі - 25 жастағы Шымкент тұрғыны. Сол күні криминалдық полиция қызметкерлері клиенттеріне жезөкшелерді шақырған саунаны жауып тастады.

11 қарашада полицейлер 25 -29 жастағы жеңіл жүрісті 13 азаматшаны - Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларының тұрғындарын ұстады. Олар арнайы жезөкшелікпен айналысу үшін Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы, сондай-ақ Привокзальный мен Алмагүл ықшам ауданындарынан пәтерлер жалдаған.

Сол күні кеште қалада сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысқан ақтөбелік екі жігіт-трансвестит ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулер берілді. Жалдамалы пәтер иелеріне қатысты жинақталған құжаттар облыстық мемлекеттік крістер департаментіне жолданды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

12 қараша 2020, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.