Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әскери болмасаң, камуфляж киме

Сурет Бейнежазба
5 243 просмотра

Атырауда әскери полиция қызметкерлері әскери киім үлгілерін заңсыз кию деректерін анықтау бойынша арнайы акция өткізуде. Бұл ең алдымен камуфляж киімдеріне қатысты болып отыр.

Көп адам осылай киінеді, кейде алдыңызда тұрған адам әскери қызметші ме, әлде қарапайым азамат па, түсінбейсің. Ал ҚР заңнамасында әскери форманы заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілік: жеке тұлғаларға 5 АЕК (13 890 теңге) және заңды тұлғаларға 25 АЕК (69 450 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

- Айырмашылық белгілері бар әскери киім үлгілері еркін сатылымға шығарылған. Ол қарапайым тұрғындар арасында сұранысқа ие, өйткені ыңғайлы әрі арзан, бірақ бұл бәрібір заңға қайшы, - дейді Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімінің өкілі Бақтияр ДӘУРЕНҚҰЛОВ. - Оның үстіне, кейде әскери қызметшінің формасын киген азаматтар өзін лайықты ұстамай, құқық бұзушылықтар жасайды. Бұдан әскери адамның келбеті зардап шегеді.

Әзірге әскери полицейлер ескерту жасаумен шектелуде, бірақ көп ұзамай айыппұл сала бастайды.

Фархат ӘБІЛОВ

Әскери полиция жолдаған суреттер

12 қараша 2020, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.