Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Атырау-Нұр-Сұлтан» ұшағының қозғалтқышына құстың соғылу дерегі бойынша тергеу басталды

2 692 просмотра

SCAT авиакомпаниясының Атырау-Нұр-Сұлтан ұшағының қозғалтқышына құстың соғылу фактісі бойынша тергеу басталды,  деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"2020 жылғы 10 қарашада Атырау уақытымен сағат 22-00-де "SCAT" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Атырау - Нұр-Сұлтан бағытындағы DV-766 рейсін орындау барысында әуеге көтерілу кезінде алдын ала мәліметтер бойынша құстардың соқтығысуынан сол жақ қозғалтқыш зақымданған.  Әуе кемесі әуежайға қайтып келіп, штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары Атырау қаласының әуежайында SCAT әуе компаниясының техникалық қызметкерлерімен бірлесіп авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауда.  "Атырау Халықаралық әуежайы" АҚ Атырау қаласының әуе айлағында ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, авиациялық орнитология саласында құстарды үркіту шараларын орындайды, сондай-ақ әуежай аумағында құстарды тартуы мүмкін жағдайларға бақылауды жүзеге асыратын білікті мамандарға ие. 

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуеайлақты пайдаланушының ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету және олардың тиімділігі бойынша қажетті шараларды іске асыруын қадағалайды. Қабылданатын шаралардың негізгі міндеті - әуежайдың және оған іргелес аумақтың құстар үшін тартымдылығын төмендету. Авиация әкімшілігі авиация саласымен бірге ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді шараларын іздеу және қолдану арқылы Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайларын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта 2020 жылдың қыркүйегінде авиациялық әкімшіліктің базасында әуе кемелерінің құстармен соқтығысуын болдырмау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған. Оның құрамына Қазақстанның ірі әуежайларының, әуе компаниялардың және авиациялық орнитология саласында мамандандырылған ұйымның мамандары кірді. Қазақстан Республикасының авиациялық заңнамасына сәйкес осы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіледі" делінген хабарламада.

11 қараша 2020, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.