Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстаннан кеткендер туралы естігенде уайымдаймын - Елбасы

2 329 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Мен Қазақстаннан біреу басқа жаққа көшіп жатқанын естігенде уайымдаймын. Егер біз жақсы жағдай жасасақ, неге көшесіздер? Олар қайда және неге көшіп жатыр? Сондықтан жергілікті әкімдіктер өте сақ болуы керек. Неге олар көршілес жоғары оқу орындарына кетіп жатыр? Бізде барлығы жақсы болатындай жағдай жасау керек. Ең бастысы сапалы білім керек", - деді Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында.

Сонымен қатар, Назарбаев "Қазақстанның байлығы мен күші - көпэтностық екенін атап өтіп, оны "дұрыс пайдалану керегін жеткізді".

"Бұл игілікке күмән келетін сәттер де болады. Сондықтан ортақ жауапкершілігімізді ұдайы нығайтып отыруымыз керек. Бүкіл халықтың бірігуі - өте маңызды. Бұл - сәттілік кепілі. Біздің парызымыз - осы дәстүрді келесі ұрпаққа жеткізу", - деп түйіндеді сөзін ол.
11 қараша 2020, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.