Атырау, 18 мамыр 21:42
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

СҚО-да ақылды блокбекеттер орнатылып жатыр

2 228 просмотра

СҚО-да карантиндік бекеттер цифрландырылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір Петропавлдың кіреберіс жолдарына 15 ақылды камера орнатылып жатыр.

Енді қалаға келетін жүргізушілер рұқсат қағаздарын электронды базаға алдын ала жібере алады. Ал бақылау жүйесі мемлекеттік нөмірді бірден танып, өтуге рұқсат береді. Бұл полицейлердің де, адамдардың да уақытын үнемдеп, көлік кептелісін болғызбауға септігін тигізеді. 

Блокбекеттерге сонымен қатар дене қызуын өлшейтін тың құрылғылар қойылады. Бақытжан Ермаханов, мердігер ұйымның қызметкері: 

– Автокөлік Петропавл қаласына келе жатқанда камера көлік нөмірлерін біліп, полиция қызметкері оны көріп тұрады. ПТР-тестінің, құжаттарының, рұқсатнама қағаздарының бар немесе жоқ екендерін тексереді. Тағы да тепловизор қоямыз. Тепловизор машинада қанша адам отырғанын көрсетеді. Жолаушының температурасы көтерулі болса, бірден белгі береді.


11 қараша 2020, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.