Атырау, 18 мамыр 22:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Зорлау" туралы видеодағы қыз оқиғаның мән-жайын айтты

Бейнежазба
4 968 просмотра

Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы қызды құтқару туралы видео қызу талқыға түсті. Видеоға жазылған пікірде "құтқарушы-батыр" уақытында келіп, жәбірленушіні зорламақ болған адамдардан құтқарып қалғаны айтылады. Алайда "жәбіренуші" оқиға қалай болғанын айтып берді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Instagram желісіндегі Stories арқылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, жігіт екеуі арасында жанжал туған, алайда ешқандай зорлық әрекеті болмаған және ол жалған ақпарат таратпауды сұрады. Сондай-ақ ол көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтты. 

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті түсінік берді. 

"2020 жылдың 9 қарашасында сағат 01:09-да Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Баймұқанов көшесіндегі үйлердің бірінде түнгі уақытта тыныштық бұзылғаны және музыка қатты естіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 9 қараша сағат 19:00-де 18 жастағы қыз 21 жастағы танысының үйіне келіп, ішімдік ішіп, қорқор шеккенін анықтады. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туған. Сөйтіп 21 жастағы жігіт қыздың бетінен ұрып жібергеннен кейін жәбірленуші айғайлап, көмек сұрай бастаған. Жігіттің сөзінше, ол қыз ішімдік ішіп алғандықтан үйіне жібергісі келмеген. Жігітке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Одан бөлек, полиция өкілдері сот-медициналық сараптама жүргізуді ұсынған, алайда жәбірленуші одан бас тартты", - дейді полиция өкілдері. 
11 қараша 2020, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.