Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда жолаушылар ұшағы қозғалтқышқа соғылған құстың кесірінен мәжбүрлі жағдайда қонды

Бейнежазба
2 726 просмотра

10 қарашада, кешкі сағат 10-да Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған SKAT әуе компаниясы ұшағының қозғалтқыштарының біріне құс соғылып, қозғалтқыш жана бастаған.

DV766 рейсіндегі жолаушылардың айтуынша, оқиға ұшу кезінде болған. Осыдан кейін ұшақ Атырау халықаралық әуежайына оралды. Оқиға салдарынан бортта ешкім зардап шеккен жоқ.

«Атырау – Нұр-Сұлтан» рейсін орындау кезінде биіктікке көтеріліп келе жатқан ұшаққа бір топ ірі құс соқтығысты, бұл қаз немесе үйрек болуы мүмкін, деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

«Әуе кемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті», - деп хабарлайды әуе компаниясы.

Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Рейс тоқтатылды, кейбір жолаушыларға басқа күнге билет берілді, кейбірінің ақшасы толықтай қайтарылды.

Әуе компаниясының өкілдері қазіргі уақытта құстар мәселесі өте өзекті екенін, оған қатысты ешқандай шара жасалмай жатқанын айтып өтті.

«Әуе кемесінің командирі Иван Карповичтің жоғары біліктілігі мен экипаждың бірлескен жұмысы арқасында бір топ ірі құс соғылған ұшақ штаттық режимде қонды», - деп атап өтті SCAT.




Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

11 қараша 2020, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.