Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұр-Сұлтан қаласы да "сары аймаққа" енді

2 280 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласы коронавируспен сырқаттанушылықтың өсу қарқыны бойынша "сары аймаққа" енді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан "сары аймаққа" кірді. Сондықтан карантиндік шаралар жұмсартылады деп ойламаңыз, себебі аурудың біртіндеп өсуі байқалады. Бүгін біз жақын аймақтарда - Ақмола және Қостанай облысындағы аурушаңдықтың жоғары екендігін біле отырып, тәуекелге бел бууды жөн көрмедік. Олардың да "сары аймақта" екендігі белгілі. Басқа әкелінген жағдайлар бар, мәселен бүгіндері "қызыл аймақтағы" Шығыс Қазақстан облысынан. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың өсімі 1,2 есе немесе 28% құрады, - деді Пірәлиева 10 қарашада кешкісін өткен брифингте.

Ол аурудың өсімін алдыңғы аймен салыстырды.

Қазан айының басындағы аптада 46 коронавирус инфекциясы тіркелді. Соңғы аптада бұл көрсеткіш 247 жағдайды құрады.

Ақмола облысында карантиндік шаралар күшейтілгенін ескертеміз.

11 қараша 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.