Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы

3 388 просмотра

Елорданың полиция департаменті Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлын пышақтап кеткенін растады. Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"10 қараша күні сағат 22:56-да "102"-ге Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелес басталғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері жас жігіттердің арасында жанжалдың туындағанын, арты төбелеске ұласқанын анықтады", - дейді полицейлер. 

Төбелес кезінде екі адам жарақат алды. Біреуі қоғам белсендісі болған Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы – Жанболат Ағаділ болып шықты. Оны пышақтап кеткен. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше алған жарақатынан көз жұмды.

"Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі және 293-бабы, 3 бөлігі бойынша қылмыстық істер  қозғалды. Қазіргі кезде төбелеске қатысқан барлық адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары атқарылып, ұсталғандардан жауап алынып жатыр. Тергеу жалғасуда", - деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

Дулат Ағаділдің өлімі

Айта кетейік, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпты деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.


11 қараша 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.