Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшы жауапкершілікке тартылады

2 253 просмотра

Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО білім басқармасы танымал балуан және Семей колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.

"Барлық қызметкер мен оқушыларына үлгі болып саналатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Демалыстан шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Оқытушылар қауымын шектеулерді сақтауға, қашықты сақтаудың, бетперде тағудың, санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсете білетін үлгі болуға шақырамыз", - делінген ШҚО білім басқармасының ресми хабарламасында.
11 қараша 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.