Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Ұлттандыру туралы айтасыз, бірақ қазақстандық кадрлардың 90 пайызы қара жұмысшылар»

3 584 просмотра
Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ

9 қарашада Атырау облысы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. ТШО мен НКОК компанияларының жұмысындағы қазақстандық қамту күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

Бірінші болып «Теңізшевройл» ЖШС директорының орынбасары Айбек КРАМБАЕВ баяндама жасады. Оның айтуынша, ТШО-да сатып алынған тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі 35 миллиардтай АҚШ доллары болды. Компанияның басым бағыттары -өңірді индустрияландыруға қолдау көрсету, бірлескен кәсіпорындар құру, шетелдік мамандарды жергілікті кадрлармен алмастыру.

- Соңғы екі айда бізде 26 мың жұмысшы жұмылдырылды, оның 18 мыңнан астамы - Атырау облысының тұрғындары, оның ішінде 7 мыңнан астамы Жылыой өңірінен, - деді Крамбаев.- 2017-2019 жылдары Келешек кеңею жобасын іске асыру үшін шетелден білікті мамандарды тарту қажет болды, өйткені бұл күрделі технологиялар болатын, бірақ қазір кадрларды ұлттандыру қызу жүріп жатыр.

Баяндама аяқталғаннан кейін депутат Нұрлыбек ОЖАЕВ соңғы екі жылда қанша экологиялық айыппұл төленді; Жылыой ауданында ТШО-ның қандай әлеуметтік жобалары жалғасуда, қай жобалар тоқтап тұр деген сұрақтар қойды.

Оған ТШО-ның үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ жауап берді:

- Бізде экологиялық іс-шаралар өте көп өткізіледі, оларды қазір санамалап шықпай-ақ қояйын, бұған көп уақыт кетеді. Тек соңғы жылдары ТШО шығарындыларды 73% -ға азайтқанын айтайын.

- Рзеке, нақты сұрақ қойылды: қанша экологиялық айыппұл төленді? – деп Ожаев сұрағын қайталады.

- Менің қолымда қазір ондай дерек жоқ, оны кейін ұсынайын. Әлеуметтік жобаларға келетін болсақ, бізде «Игілік» бағдарламасы іске қосылған, бұл - мектептер мен балабақшалар салу, сондай-ақ, жергілікті шағын бизнесті қолдаудың инвестициялық бағдарламасы бар. Бірде-бір әлеуметтік жоба тоқтатылмайды.

Депутат Мұрат ӨТЕШОВТІҢ пікірінше, Теңізде кадрларды ұлттандыру біржақты болып жатыр:

- Қазақстандық кадрлардың 90 пайызы – қара жұмысшылар.

Содан кейін NCOC басқарушы директорының орынбасары Ермек МАРАБАЕВ баяндамасын оқыды. Оның айтуынша, 2017 жылы операторлық жұмысқа 325 шетелдік қызметкер тартылған, қазір олардың саны 219, ал босаған орындарға қазақстандықтар алынған. Мердігер мекемелерде 5350 адам жұмыс істейді, оның тек 248-і - шетелдіктер. Қазақстандық кадрдың жартысынан көбі - Атырау облысының тұрғындары.

Депутат Асылбек ЖӘКИЕВ ТШО-ға NCOC және KPO компанияларының үлгісімен қазақстандық бизнес субъектілерінен сатып алудың кеңейтілген жоспарын жариялауды ұсынды. Бұдан басқа, оның пікірінше, жұмысқа рұқсат беру комиссиясының құрамына жергілікті депутаттарды енгізу қажет.

Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2020, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.