Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚАЖ мекемелерінде ұзақмерзімді кездесулер тоқтатылды

2 497 просмотра

10 қарашадан бастап Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде ұзақмерзімді кездесулерге қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл талап COVID-19 жұқпалы ауруымен байланысты қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, 5 облыста коронавирус жұқтырудың "сары" және "қызыл" аймақ деңгейінің жариялануына байланысты, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды вирус жұқтырудан сақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Осы ретте қысқа мерзімді кездесулер ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес берілетін болады.

Мекемелерде "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген тәртіппен сотталғандар, оның ішінде күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар қорғаушылармен, туыстармен және өзге де адамдармен байланыс жасау үшін телефон және бейне қоңыраулар  қарастырылған.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы ҚАЖ мекемелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесулерге уақытша тыйым салуды көздейтін байқау режимі енгізілді.

Сонымен қатар, сәлемдемелерін қабылдау әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына сәйкес, елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы екенін ескертеміз.

10 қараша 2020, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.