Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"СК-Фармация" басшысы миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

2 437 просмотра

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерхат Есқалиев бұл мәселе оның құзыретінде емес екенін мәлімдеді, бірақ таяуда БАҚ-та дәрігерлердің жалақысы барлық шегерімді ескере отырып, бір миллион теңгеге жететіні айтылған деді.

Алайда журналистер одан тағы да "қазақстандық дәрігерлердің жалақысы миллион теңге ме?" деп сұрады.

"Бұл мәселе менің құзыретімде емес екенін тағы да айтқым келеді. Бірақ үстеме ақыны қоса есептегенде, осындай жалақы алатын дәрігерлер бар. Бұл туралы БАҚ-та айтылды", - деді "СК-Фармация" басшысы.

Айта кетейік, "СК-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиевтің жалақысы - 1 миллион 300 мың теңге. Ал компания басшысының орынбасары 900 мың теңге алады.

Еске салайық, мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 258 708 теңге екенін айтқан болатын.

10 қараша 2020, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.