Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда ажырасу саны көбейіп келеді

2 986 просмотра

Атырау облысында отбасының ажырасу саны артып келеді, деп хабарлады әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия.

Биылғы 9 ай ішінде облыста 4638 неке және 1192 ажырасу тіркелді, бұл жалпы неке санының 25%-ы.

Егер 2017 жылы ажырасу саны 1012 болса, 2018 жылы - 1058, ал 2019 жылы 1500-ге жеткен. Көрсеткіштер өсіп жатқандықтан, билік атыраулықтардың неке бұзу себептерін анықтауды ұйғарды.

Қоғамдық пікір бойынша жасалған сауалнамаға сәйкес, жастардың бір-бірін жақсы білместен үйленуі, ерлі-зайыптылардың қызғанышы, отбасында ақшаның жетіспеуі, ортақ балаларының болмауы, жас жұбайлардың өміріне туыстарының араласуы отбасының ажырасуына негізгі себеп болады екен.

Фархат ӘБІЛОВ

10 қараша 2020, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.