Атырау, 18 мамыр 16:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шығыс Қазақстан облысынан 900-ге жуық адам шыға алмай қалды

2 460 просмотра

Өткен аптада 891 адам ПТР-анықтамасы болмағандықтан Шығыс Қазақстан облысынан шыға алмай қалды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.

"2-8 қараша аралығында пойыз бен ұшаққа билет алған 891 адам ПТР-анықтамасы болмағандықтан Шығыс Қазақстан облысынан шыға алмады", - деп жазды Байғабылов Facebook-те.

Коронавирусқа тест тапсырмаған 104 жолаушы ұшақ бортына алынбаса, 787 жолаушы вагондарға кіргізілмеген.

Көліктегі бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, өткен аптада ПТР-анықтамасы бар 2960 адам ШҚО-дан басқа өңірлерге ұшып шықты. Теміржол көлігі арқылы 3941 жолаушы аттанды.

9 қарашадан бастап әуе және теміржол көлігімен Солтүстік Қазақстан облысынан шығуды жоспарлаған тұрғындардан да ПТР-анықтама талап етіледі.

10 қараша 2020, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.