Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аққыстауға кәсіптік лицей емес, мектеп қажет

3 250 просмотра

Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Қаратүбек» мөлтек ауданында салынып жатқан кәсіптік лицейдің құрылысы аяқталуы жақын. Ал аудан басшылары Аққыстауға мектеп ауадай қажет деп санайды.

Жуырда аудан орталығына облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ келген кезде аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ осы мәселені көтерген еді. Мурзиевтың айтуынша, аудан орталығының шеткі мөлтек ауданы саналатын «Қаратүбектен» Аққыстау, Абай, Өркен орта мектептеріне 434 бала тасымалданып оқытылуда. Ал Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша АБЕЖАН былай дейді:

- Өркен мектебінің сыйымдылығы 220 оқушыға арналғанымен «Қаратүбектен» 142 бала тасымалданып, қазір бұл мектепте 442 оқушы білім алуда. Басқа мектептерде де оқушылар саны артық. Сол себептен «Қаратүбекте» жаңадан салынған кәсіптік лицей ғимаратын мектепке ауыстырған дұрыс болар еді. Ал лицейдің аудан балалары үшін қажеттілігі шамалы. Зерделеп қарасақ, жастар арасында бұл оқу орнына қызығушылық жоқ.

Облыс әкімі бұл мәселені қарастыруға тапсырма берді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор


10 қараша 2020, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.