Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дариға Назарбаева аты аңызға айналған театрды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

2 514 просмотра

Бұл театр - Қазақстанның мақтанышы және шынайы мәдени мұрасы.

"Дегдар" қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды zakon.kz.

Дариға Нұрсұлтанқызы театрдың 75 жылдығына байланысты театр ұжымына жылы лебізін білдірді.

- Осы жылдар аралығында шеберліктің түрлі қорын жинап, жақсы дәстүрлердің бастамашысы болып қоғамның рухани дамуына баға жетпес үлес қостыңыздар. Бұл театр - Қазақстанның мақтанышы және шынайы мәдени мұрасы. Көрермендерге тамаша дүниемен қауышуға мүмкіндік беріп, оларды өмірдегі маңызды тақырыптарға тартып, бүкіл сезім палитрасын сыйлайсыздар: мейірімділік, достық, сүйіспеншілік және ғажайыпқа сену, үміт отын сөндірмеу.Мені әрқашан сіздердің шығармашылыққа деген өте жауапты қарым-қатынастарыңыз бен жанкүйерлеріңізге деген құрмет қатты сүйсіндіреді. Жылы атмосфера сыйлап, жас жүректерге от салатын шынайылық, жан жылулылығы сынды түрлі эмоцияларыңыз үшін рахмет! Талантты ұжымға өркендеп, дами беруіне, өте сәтті премьералар бұйыруына, шығармашылық шабыт пен көрермендердің ыстық ықыласына ұзақ жылдар бөлене беріулеріңізге тілектестік білдіремін! - деп атап өтті Дариға Назарбаева өзінің құттықтауында.

Айта кетсек, алдында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.

9 қараша 2020, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.