Атырау, 18 мамыр 22:23
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Беларусьте наразылық акциясы кезінде 700-ден аса адам ұсталды

2 470 просмотра

Жексенбі күні Минск мен Беларусьтің өзге қалаларында өткен наразылық акциясында 700-ден астам адам ұсталған. Бұл ақпаратты Азаттық радиосы "Весна" құқық қорғау тобы хабарлады.

Беларусь журналистер қауымдастығының мәліметінше, ұсталғандар арасында "Комсомольская правда в Беларуси" газетінің фототілшісі Святослав Зоркий де бар. Акция кезінде өзге де танымал әртістер мен спортшылар полиция бөліміне жеткізілген.

Минскіде құқық қорғау орган қызметкерлері демонстранттардың жиналуына бөгет жасап, шеруге шыққандардың жолын жауып, таратуға тырысқан. Полиция қаладағы Машеров даңғылы, "Минск - қаһарман-қала" мемориал ескертіші мен қала орталығындағы Немига қаласында наразыларды ұстаған.

Қарсылық акциясына бірнеше мың адам келген. Жексенбілік акцияларға әдетте бұдан да көп адам жиналатын.

Бұған қоса, жексенбі күні кешке Минск мен өзге де бірқатар қалаларда "ынтымақ шеруі" өтіп, қалаға жақын жатқан аудан тұрғындары көшеге шыққан.

"Весна" құқық қорғау тобы 7 қарашада Беларусьте саяси көзқарасы үшін адамдарды қудалау жалғасып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, дәрігерлердің қарсылық акциясында 60-тан астам адам ұсталған.

Минск мен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып жатыр. Наразылар президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы сайлаудың жеңімпазы деп атаған. Батыс елдері Лукашенконың жеңісін мойындамады, өткен аптада ЕҚЫҰ Минскіні елде халықаралық стандартқа сай қайта президент сайлауын өткізуге шақырған. Еуроодақ Лукашенко мен айналасындағы шенеуніктерге санкция салды.

9 қараша 2020, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.