Атырау, 18 мамыр 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел болды

2 022 просмотра

Америка Құрама штаттары әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Тengrinews Reuters сайтына сілтеме жасап. 

АҚШ-та соңғы жеті күнде 105 600 коронавирус жағдайы тіркелді. Бұл кез келген басқа елден әлдеқайда көп. Жұқтырғандар санының өсімі 29 пайыз болды - Үндістан мен Францияның көрсеткіштерінің қосындысы. 

Ал дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 50,2 миллионнан асты. 

Елде қарашаның алғашқы аптасында 10,5 миллионға жуық тест жасалған. Оның 6,22 пайызы оң нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Нью-Йоркте 33 000 мың адам қайтыс болды және бұл АҚШ-тағы жалпы өлімнің 14 пайызы.

9 қараша 2020, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.