Атырау, 18 мамыр 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Германияда түйе сауып, сүтін сататын жалғыз ферма бар

Сурет
3 228 просмотра


Германияда түйе сауатын жалғыз ферма Люнебургте орналасқан. Онда түйе сүтті пастеризацияланып, бөтелкеге құйылып сатылады. Бұл туралы ҚазАқпарат dw.com-ға cілтеме жасап хабарлайды. 

Төменгі Саксониядағы Виссельхеведе қаласының мағында тұратын Марквард отбасының фермасында 60 нар (дромедар) мен қос өркешті (бактриан) түйе мекендейді. Түйені негізінен туристерді мінгізіп, әдемі жерлермен қыдырту үшін пайдаланған. 

Dpa ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, еуропалық сүт өнімдерін өндірушінің рұқсатын алған ферма алдағы уақытта бөтелкеге құйылған пастерленген түйе сүтін шығаруды бастап, оны сата алады. Өнімді Еуроодақтың барлық елдеріне жеткізуге құқық беретін сертификатты ресімдеу үшін бірнеше шартты орындау қажет болған. Сүттің бір литрінің бағасы 11 еуро шамасында.

Мұнда түйе сүті бұрын да сатылған, бірақ жаңа сауылған құйылмалы сусын сатып алушыларға осы жерде ғана берілетін. Бұл Германияда түйе сүтін сатумен айналысатын әзірге жалғыз ферма. 

Ферманың иесі Беке Марквардтың (Beke Marquard) айтуынша, пастерлеу яғни, 72 градусқа дейін ғана қыздыру, сүттің тағамдық қасиетін жақсы сақтауға көмектеседі. Бұл өнімге тапсырыс Берлин қаласы мен елдің шығысындағы Гарц ауданынан берілді. сондай-ақ ірімшік өндірісі үшін Аустриядан тапсырыс түскен.


9 қараша 2020, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.