Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Төрт аймақта жаңа шектеулер күшіне енді

2 559 просмотра

Қазақстанның төрт облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралмауы бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді.

Ақмола облысында:

  • Көкшетауда блокбекеттер орнатылды;
  • күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асқан елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
  • Көкшетау - Алматы және Көкшетау - Ақтау бағытындағы әуе қатынасы аптасына екі реттен бір ретке қысқарды;
  • Көкшетау - Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үшке дейін қысқарды;
  • облыс ішінде транзит жолаушылар теміржол құрамын тоқтату тыйым салынды;
  • діни нысандардың, театрлардың, кинотеатрлардың және мәдениет нысандарының жұмысы тоқтатылды;
  • жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы бір уақытта 30 адамнан артық келуші жиналмай, 30 адамнан артық орны бар нысандар үшін - жұмыс уақыты шектеліп, келушілер саны 50 пайыздан аспайтындай етіп шектелді және тағы басқа талаптар.

Қостанай облысында:

  • Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;

  • КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;

  • Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;

  • Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);

  • Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;

  • Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.

  • Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

  • Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;

  • Такси қызметін 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек; Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;

  • Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

Павлодар облысында:

  • Павлодарда блокбекеттер орнатылды;
  • күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
  • Павлодар - Алматы ( аптасына 10 рейстен 5-ке дейін), Павлодар - Нұр-Сұлтан (үштен бірге) және Павлодар - Шымкен (екіден бірге дейін) әуе рейстері қысқартылды;

Толығырақ Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысынан танысуға болады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • СҚО периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды;
  • күнделікті КВИ жағдайы 10-нан асатын елді мекендерде санитарлық блокбекеттер орнатылды;
  • Петропавл - Алматы бағытындағы теміржол тасымалы аптасына жеті реттен үш ретке қысқартылды;
  • облыс ішінде теміржол құрамдарын тоқтатуға тыйым салынды;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан әуе немесе теміржол көлігі арқылы шығатын жолаушылардың ПТР-тесті теріс нәтижемен болуы керек. Анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды және тағы басқа талаптар. 


9 қараша 2020, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.