Атырау, 18 мамыр 19:57
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Депутаттар бизнес несиелерін қайта қаржыландыруды сұрады

2 116 просмотра

Депутаттар мемлекеттік органдарды пандемия кезінде зардап шеккендердің бизнес несиелерін жылдық 6 пайызбен қайта қаржыландыруға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Азат Перуашев 1 қыркүйектегі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тің барлық кредиті бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6 пайызға дейін төмендетуді тапсырғанын еске салды. Бұл мақсаттарға қосымша 200 миллиард теңге бөлінген, ал субсидиялау бағдарламасының жалпы көлемі 800 миллиард теңгеге дейін екен.

"Бұл тапсырма кәсіпкерлік қоғамдастықта үлкен шу тудырды. Биыл пандемиямен күрестен басқа, ең ауыр экономикалық дағдарыс болғаны ешкімге құпия емес.
"Атамекен" ҰКП мәліметінше, пандемиядан бір миллионнан аса кәсіпкер зардап шекті, яғни тіркелген бизнес субъектілерінің үштен екісі төтенше жағдайға байланысты қызметін тоқтатса, 430 мыңнан аса кәсіпкер локдаунға байланысты жұмысын тоқтатты, олардың басым бөлігі әлі күнге дейін өз жұмысын қайта бастамаған", - деді Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың айтуынша, көлік, сауда және қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, қонақүй бизнесі, жылжымайтын мүлікке қатысты қызмет түрлері көп зардап шекті.

4 қараша 2020, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.