Атырау, 18 мамыр 20:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

2 650 просмотра

Батыс Қазақстан облысында коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

  "Бұл Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы жағдай. Алғаш рет әйел пандемияның басында коронавирус жұқтырған болатын. Ол сәуір айында еді. Екінші рет вирус тамыз айында анықталды. Науқас екі рет те ауруханада емделді", - деді ол.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті.

4 қараша 2020, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.