Атырау, 18 мамыр 18:59
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мәжіліс жауапты хатшы институтын таратуды көздейтін заң жобасына қорытынды әзірлейді

2 419 просмотра

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «ҚР Үкіметі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын жұмысқа алды. Заң жобасы жауапты хатшы институтын таратуды көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аталған мәселе бойынша Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтынша, заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленді. 

«Сонда-ақ жауапты хатшы иститутын тарату жөнінде нақты тапсырма берілді. Жауапты жатшы институты таратылған кезде олардың міндеттері министрліктердің аппарат басшыларына жүктеледі. Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін арттыру болып саналады. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты.


4 қараша 2020, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.