Атырау, 18 мамыр 18:59
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қостанай облысында аудандық аурухана карантинге жабылды

2 469 просмотра

Жітіқара ауданының орталық ауруханасы бүгіннен бастап екі аптаға карантинге алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат Жітіқара аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аурухананың көпсалалы терапиялық және хирургиялық бөлімшелерінде қызметкерлер мен пациенттерде коронавирус инфекциясы табылған. 

«Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша 4-19 қараша аралығында аурухана бөлімшелері екі апталық карантинге жабылды. Аурухана толығымен қызметін тоқтатқан жоқ. Науқастарға хирургиялық және терапиялық шұғыл көмек көрсетілетін болады. Коронавирусқа шалдыққан қызметкерлер емделіп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

4 қараша 2020, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.