Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев Nur Otan партиясының съезін өткізу туралы қаулыға қол қойды

2 525 просмотра

Осы жылдың 25 қарашасында Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылдың 25 қарашасында өткізу туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің бюросын 2020 жылдың 24 қарашасында шақыру туралы қаулыға қол қойған еді.

Еске салсақ, Қазақстанда 2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18.00-ге дейін созылады. Партия тізімдерін тіркеу мерзімі 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.


2 қараша 2020, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.