Атырау, 18 мамыр 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыс: жарақат алғандардың жағдайы айтылды

2 351 просмотра

Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазір олардың бәрі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

"31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түсті. Диагноздары: оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты. Сонымен қатар, сол жақ асықты жілігінің сынығы анықталды.
Науқастар Алматы облысының Іле ауданынан келіп түсті.
02.11.2020-дағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жинады, хаттама бойынша ем алып жатыр", - деді №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монгол.

Еске салайық, мұның алдында Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Полициядағылардың айтуынша, маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келіп, сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалған. Содан соң олар оқ атқан. Артынша оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

2 қараша 2020, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.