Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау әуежайының жүк тиеушілері жолаушылар багажынан iPhone ұрлап кетті

2 891 просмотра

16 қазанда желілік полиция бөлімінің қызметкерлері төрт смартфон ұрлаған Атырау халықаралық әуежайының жүк тиеушілерін ұстады.

«Алматы-Атырау» әуе рейсімен ұшып келген жолаушы оның багажынан төрт Iphone-11 жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданған.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан ӘЛІБАЕВТЫҢ айтуынша, екі күдікті - 29 және 24 жастағы әуежайдың жүк тиеушілері ұсталған. Олардан жалпы құны 700 мың теңгеден асатын ұрланған смартфондар табылды.

- Заттай дәлелдеме тәркіленді. Ұсталғандар мойындады. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп мәлімдеді Әлібаев.

Фархат ӘБІЛОВ

21 қазан 2020, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.