Атырау, 6 мамыр 08:11
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр

2 572 просмотра
Көрнекі сурет

Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында тұр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте» Қазақстан 100-орында тұр. Осыдан 18 жыл бұрын еліміздің АҚШ және Ресейден кейін үштікке кірген еді»,- деді Жанат Ешмағамбетов. 

Сонымен қатар ол жазасын өтеушілерді түзеудегі бірден-бір құрал – жұмыспен қамту екенін атап өтті. Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде. Оның 11 мыңы колонияларда еңбек етіп жатыр.

«Мекемелердегі адамдарды жұмыспен қамтуда «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен қатар, 230 шағын және орта бизнес өкілдері де қызмет етеді. Олардың өзі 4 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сотталғандар кәсіпорындарда құрылыс материалдарын, ағаш, темір және пластик өнімдерін, сондай-ақ ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді жасаумен айналысады. Бостандыққа шыққанда оларға қоғамға бейімделіп, жаңа өмір сүру оңайырақ болады», - дейді ведомство төрағасы.

19 қазан 2020, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.