Атырау, 6 мамыр 02:48
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

2 442 просмотра

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде коронавирустан төрт адам қайтыс болса, ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабаралады Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, бір тәулікте 102 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ал ковидтік пневмониямен 51 адам тіркелді. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. Ал 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - дейді дәрігерлер.

Стационарда жатқан 83 науқастың жағдайы нашар. Олардың ішінде 12 пациенттің хәлі аса ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас өкпені жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 109 508 адам тіркелген. Олардың басым бөлігі жазылып шықты. 1 796  науқас қайтыс болды. 1 тамыздан бастап ковидтік пневмония да тіркеледі. Содан бері 35 965 жағдай анықталған. 382 науқас көз жұмды.


19 қазан 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.