Атырау, 6 мамыр 11:10
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Армения Қарабақ тәуелсіздігін мойындау шарттарын айтты

2 739 просмотра

Армения президенті Армен Саркисян Таулы Қарабақ тәуелсіздігін мойындау шарттарын атады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Армен Саркисянның айтуынша, Баку жағдайды бейбіт жолмен шешуге ниет білдірмейтіні түсінікті болса, Ереван Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындайды. Ол кезінде Армения келіссөзді "қиындатпау" үшін Қарабақ тәуелсіздігін мойындау процесін "тоқтатып қойғанын" атап өтті.

"Бұл сондай үңгір. Егер бұл үңгірдің соңында жарық болса - Таулы Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешу жарығы бар болса, онда тағы күтуге болады. Ал егер болмаса (яғни Әзербайжан Түркияның көмегімен келіссөзді бейбіт жолмен шешуге келмесе), онда әрине, Армения Қарабақ тәуелсіздігін мойындамайды", - деді ол "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында.

Саркисян "үңгірдің соңында жарықтың сөнбегенін қалайтынын" атап өтті.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения жағы Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын жариялағанда басталған болатын. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылаудан шығарып алды.

1992 жылдан бері жанжалды бейбіт реттеу бойынша ЕҚЫҰ-ның Минск тобы шеңберінде Ресей, АҚШ және Франция тең төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзербайжан өзінің аумағы тұтас болғанын талап етеді, ал Армения мойындалмаған республиканың мүддесін қорғап отыр.

19 қазан 2020, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.