Атырау, 6 мамыр 10:40
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақалтын" кенішінде қайғылы оқиға орын алды

3 172 просмотра

"Қазақалтын" кенішінде тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға "Қазақалтын" кәсіпорнына тиесілі Бестөбе кенішінде болған. Кеніш Степногорск маңында орналасқан.

"17 қазанда түстен кейін өндірістік жұмыстарды жүргізу кезінде тау жынысы опырылып, салдарынан 1987 жылы туған кәсіпорынның жұмысшысы қаза тапты", - делінген хабарламада.
"12.30-да оқиға орнында "Қазақалтын" кәсіпорнының жанындағы құтқарушылар жасағы жұмыс істеді. Олар зардап шеккен адамды медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам қатты жарақат алған. Ол Степногорск қалалық ауруханасында қайтыс болды. Кеніш штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр", - дейді Степногорск қаласы ТЖ басқармасының басшысы Еркебұлан Есенжолов.
18 қазан 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.