Атырау, 18 мамыр 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Магистральды су құбырының екінші кезеңінің кезегі әлі жеткен жоқ

Бейнежазба
3 549 просмотра

Шілде айының басында Атырау әкімдігі осы жылдың тамыз айында магистральды су құбыры арқылы суару желісінің екінші кезеңін пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын біз шілде айының басында хабарладық. Бірақ, бұл шаруа үйлеспей тұр. 

Екінші кезеңге:

- Бейбарыс даңғылымен әуежайдан Алмагүл ықшамауданына дейін;

- Владимирский көшесі бойы;

- Тайманов даңғылы бойы;

- Жилгородоктағы айналма жолдан Азаттық даңғылы бойымен Балықшы көпіріне дейін;

- Махамбет, Баймұханов, Амандосов көшелерімен сыртқы айналма көпірге дейін;

- сыртқы айналма жолымен көпірден Тайманов даңғылының айналма жолына дейін;

- Тайманов даңғылындағы айналма жолынан Атырау-Орал тас жолындағы 5 шақырым жердегі көпірге дейін;

- Құрманғазы көшесі  бойындағы желілер енген.  

Қазір күздің ортасы болды, сол кездегі «АЖ» сайтындағы жарияланымның астына қалдырған бір оқырманның келеке пікірі есіме түсіп отыр: «Неге тамызда? Қарашада тапсырайық! Тамызда әбден жаз өткеннен кейін суарудың не керегі бар? Қарашада, қара суық түскенде, алғашқы аяз, асфальт төсеу және жолдағы шұңқырды жамау жұмыстарымен қатар тапсырғаны дұрыс» деп жазған еді.

Бірақ тамызда да су желісін тапсыруға үлгермеді, ал қазір іске қосайын деп жатыр.

Қала әкімдігінен берген ақпаратқа сәйкес, Бейбарыс пен Владимирский даңғылындағы жұмыстар аяқталды, қазір олар пайдалануға берілуде. Ал қалғандарын  «жыл соңына дейін» іске қосуға уәде берді. Естеріңізге сала кетейік, екінші кезеңнің құны 1 млрд 328 млн теңгеге бағаланады.

Ал бұл жобаның бірінші кезеңі 2017 жылы 678 млн теңгеге жүзеге асырылды. Біздің сауалдарымызға алған жауаптан байқағанымыз, су құбыры желісі қала әкімдігінің ғимаратынан басталып, кейін Сәтбаев даңғылы бойымен Халықаралық әуежайға дейін созылады. Ол орталық көпірдің жанындағы сорғы станциясынан бастау алады. Сәтпаев даңғылы бойындағы жасыл белдеуде бүріккіш-спринклерлер жұмыс істейді, ал жолдың екі жағында жер бетіне шлангілерді қосу үшін жалғайтын құрылғы шығарылған.

Алайда жасыл белдеуді су тасушы көліктердің суарып жүргенін жиі көретініміз жасырын емес. Осыған байланысты қала әкімдігі  «Су тасу машинасымен тек су құбыры желісі жоқ учаскелер суарылады» деп жауап берді. Демек, қаланың орталығында (ҰҚК, ТШО ғимаратының жанындағы аумақ) су құбыры желісі жоқ болғаны.

... «Мұнайлы астананы» көгалдандыруға қомақты қаражат бөлінуде. МЖӘ аясында 4,6 млрд теңгеге бес жылдық келісімшарт жасалды, соған сәйкес  «Каспийдормостострой» ЖШС жасыл желектерді отырғызумен және оларға қызмет көрсетумен айналысады; бұл науқанға 10 жыл ішінде Атырауды көгалдандыруға ақша салуға міндетті ірі кәсіпорындар тартылды – оларға осы мақсат үшін учаскелер бөлінді. Бірақ мұның бәрі толық суару реттелмейінше пайдасыз болатынын түсіну керек. 


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

14 қазан 2020, 01:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.