Атырау, 18 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды

2 942 просмотра

Қазақстан Ұлттық банкінің экс-басшысы Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Григорий Марченко 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қаржыгер, банкир, экономист.

Григорий Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін екі рет басқарды (1999-2004 және 2009-2013 жылдар). 2005 жылдан 2009 жылға дейін "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Halyk Bank) басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Әр жылдары штаттан тыс кеңесші және Президенттің көмекшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап тәуелсіз сарапшы болды.

13 қазан 2020, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.