Атырау, 19 мамыр 14:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Құбырларда жылудың 50%-ын жоғалтқан кездер болды, ал қазіргі шығын - жарты пайыз»

3 712 просмотра

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 6 қазанда өткен баспасөз туры барысында «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ Атырауда «Меркур» ПИК-і қызмет көрсететін Жилгородоктағы Бимағанов көшесі, 16-үйдің жылу жүйесіне қосылған алғашқы көппәтерлі үй екенін хабарлады.

Шамшатовтың айтуынша, 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорын 482 млн теңге игерді. Бұл қаражатқа келесі жұмыстар жүргізілді: негізгі учаскеде «Атырау ЖЭО» АҚ-нан «Бипек Авто» автосалонына дейін ұзындығы 3,86 км болатын «М3» магистральды жылу желісі ауыстырылды. Фин қазандығына апаратын ұзындығы 1,1 км болатын «ТК-38» магистралын ауыстырудың төртінші кезеңі аяқталды. Магистральды құбырлардың бүкіл дәнекерленген тігістері бұрынғыдай қысыммен емес, жоғары дәлдіктегі ультрадыбыстық диагностикалық жабдықпен тексерілді.

Нұрадин ШАМШАТОВ

Орталық жылу пункттерінің электрмен жабдықтау кабельдері жөнделді, жаңа электр шкафтары мен тарату қондырғылары орнатылды. Бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

7 км жылу желісі жылуды сақтау үшін қапталды. 9 км жылу желісі мырышталған қаңылтырдан жасалған қорғаныс қаптамасымен оралды. Ыстық сумен жабдықтауға арналған 1 шақырымнан астам металл құбырлар полиэтиленге ауыстырылды.

- Құбырлардың 50 пайызы тесік болғандықтан, желідегі жылуды суытып алған кезіміз болды. Қазір жылу шығыны жылына жарты пайыз деңгейінде, - деді Шамшатов.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2020, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.