Атырау, 19 мамыр 17:39
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент

2 819 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ұлттық банкпен бірлесіп, коронавирустың жаңа толқыны мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайында әрекет етудің кешенді жоспарын өзектендіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан, басқа мемлекеттер сияқты, бұрын болып көрмеген дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Жалпы, біз елде экономикалық белсенділіктің тым төмендеп кетуіне жол бермедік. Бұл тұста үкімет жақсы жұмыс атқарды", – деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Айтуынша, үкімет бизнесті ынталандыру бойынша тиісті қадамдарды қолға алып, халықтың әлжуаз тобына көмек көрсетілді. Жуырда Дүнижүзілік банк елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасына жоғары баға берген.

"Десе де, бүкіл әлемде пандемияның болжанып отырған екінші толқыны өз талаптарын қойып отыр. Келесі жылы дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру үшін үкіметке тиісті ресурстар мен шаралар жиынтығы қажет. Менің тапсырмам бойынша коронавирустың жаңа толқыны мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайында әрекет етудің кешенді жоспары әзірленді.

Алайда біздің дағдарысқа қарсы жоспарымыз бен болжамдарымызда бүгінгі сын-қатерді, атап айтқанда, Ресейге санкциялық қысымның күшеюін, Қап тауы маңындағы көршілес мемлекеттерде жағдайдың ушығуын, басқа да сыртқы факторларды ескеруіміз қажет", – деді президент.

Осыған байланысты Тоқаев үкіметке ұлттық банкпен бірлесіп, жоспарды өзектендіруді және қазан айының соңына дейін оны Әкімшілікке келісуге енгізуді тапсырды.


7 қазан 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.