Атырау, 19 мамыр 17:22
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Мас жүргізуші Жеңіс саябағының қоршауына соқтығысып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Сурет
3 480 просмотра

Әкімшілік сотта 26 қыркүйекте Жеңіс саябағының қоршауына соқтығысып қалған «ВАЗ-21723» көлігінің жүргізушісіне қатысты іс қаралды.

Медициналық куәландыруда анықталғандай, жол-көлік оқиғасы кезінде ол мас күйде болған. Сондықтан оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі («Жүргізушінің жол және өзге де құрылыстардың бүлінуіне әкеп соққан масаң күйдегі көлік құралын басқаруы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды . Ұқыпсыз жүргізуші саябақтың жаңа қоршауын бүлдірді, ал өзі зардап шеккен жоқ.

6 қазанда әкімшілік сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

7 қазан 2020, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.