Атырау, 19 мамыр 17:22
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды

2 316 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін біз еліміздегі эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық барысын талқылау үшін жиналып отырмыз. Алғашқы кезеңде жіберілген қателіктерді талдауға уақытымыз жеткілікті болды. Жалпы, эпидемияға қарсы күрес кезінде біраз тәжірибе жинадық. Бұл тәжірибені мейлінше тиімді пайдалануымыз керек.

Жалпы Үкімет осындай күрделі ахуалда өз жұмысын тиімді, сәтті жүргізуде. Баршаңызға аян, қазір көптеген елде санитарлық ахуал күрделеніп барады. Бұл – коронавирус індеті қайта өршиді деген сөз. Біз бұған дайын болуымыз керек", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол шекарадағы бақылауды күшейту керегін айтты.

"Шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейту қажет.
Әуежайларда және теміржол вокзалдарында эпидемиялық бақылаудың қатаң режимін қалпына келтіру, "қызыл аймақтан" келетін адамдарды жедел тестілеуді жолға қою қажет", - деді Тоқаев.
7 қазан 2020, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.