Атырау, 19 мамыр 16:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тәулік ішінде Бішкек қаласының мэрі екі рет ауысты

2 790 просмотра

Алмаз Бакетаев Бішкек мэрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жоошбек Коеналиев бір күнге жетер-жетпес уақыт жұмыс істеді. Ел астанасындағы жағдайды реттеу жөніндегі үйлестіру кеңесі президент әкімшілігі мен Жогорку Кенеш орналасқан "Ақ үй" ғимараты тәртіпсіздіктер кезінде зақымданғаннан кейін Коеналиевті қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

"Коеналиевтің негізгі міндеті әкімдік ғимаратын сақтау болатын. Жогорку Кенеш ғимараты қандай күйде екенін ел көрді. Біз мұндай нәтижеге жол бермеуіміз керек еді", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Соған қарамай қала әкімдігі Коеналиевтің қиын жағдайға байланысты жұмысты ұйымдастыру үшін күні бойы муниципалдық қызметтермен жұмыс істегенін мәлімдеді. Оған қоса, қаржы полициясы мен басқа да стратегиялық нысан ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қырағы күзет жасағы құрылған.

Айта кетейік, 5 қазан күні Бішкекте парламент сайлауының нәтижесіне қарсылық шаралары басталды. Наразылық танытқан белсенділер өртенген "Ақ үй" ғимаратын басып алды. Сондай-ақ, экс-президент Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды.

Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне "қан төкпеуге" бұйрық беріп, бұл жағдайды парламенттік сайлауға наразылық деген желеумен билікті басып алуға әрекеттену деп атады.

Ресми түрде Қырғызстан парламентіне сайлау нәтижелері жарамсыз деп танылды.

7 қазан 2020, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.