Атырау, 19 мамыр 14:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сәтпаевтағы кішкентай қызды зорлады деп қамауға алынған күдікті абақтыда көз жұмды

2 983 просмотра
Сурет : Pixabay

Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Сәтпаев қаласында қыз баланы зорлады деп күдікке ілінген азаматтың өлімін растады, деп хабарлайды zakon.kz.

- 6 қазанда Қарағандыдағы тергеу абақтысында қыз баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынған адамның денесі табылды. Оны қараған жедел жәрдем тобы күдіктінің қайтыс болғанын нақтылады деп хабарлады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде марқұмның денесінен күштеу белгілері немесе дене жарақаттары табылған жоқ, - делінген хабарламада.

Бұл факт біыңғай тізілімге тіркелді, Қарағанды полиция басқармасының тергеу-жедел тобы келді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ресми тексеру тағайындады. Бұған дейін "Не молчи" қоры 62 жастағы күдікті абақтыда асылып өлгенін хабарлаған. Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтпаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті. Ақыры қыз күдіктінің пәтерінен табылды. Халық ол азаматты полицияға бергісі келмей, өздері жазалағысы келіп, жаппай тәртіпсіздікке жол берді. Кәмелетке толмаған адамды ұрлау және зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


7 қазан 2020, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.