Атырау, 19 мамыр 15:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жол жөндеуге қанша миллиардтар жұмсалады

3 457 просмотра

Атырау облысында облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының «жақсы» және «қанағаттанарлық» жағдайын 57%-дан 61%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ онлайн брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, 27 шақырымдық Солтүстік айналма жолдың (шамамен 333 млн теңге) жобалық-сметалық құжаты әзірленуде, онда 4 көлік жол айрығы салынады.

Ал көптен күткен Астрахань бағытындағы жолды қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Оразғалиев биыл Атырау қаласының орталық көпіріне техникалық зерттеу жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленетінін және мемлекеттік сараптамадан өтіп, мақұлданғанған жағдайда күрделі жөндеу жұмысы басталатынын айтты.

Сонымен қатар, қала маңындағы Талғайран және Алмалы ауылдары арасындағы жаңа көпірдің ЖСҚ әзірленуде.

Атырау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 3047 шақырым 
Республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 1120 километр 
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 1927 километр

Оразғалиевтің баяндамасы бойынша біз қазір жүргізіліп жатқан жұмыстар (жөндеу және қайта жаңарту) мен олардың құны көрсетілген кесте жасадық * (Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша).

Индер-Қарабау

24 млрд 137 млн

Ганюшкино-Котяевка

4 млрд 278 млн

Ақкөл-4 разъезд-Қиғаш

4 млрд 720 млн

Мұқыр

519 млн

Сағыз

708 млн

Нарын

1 млрд 275 млн

Доссор

578 млн

Құлсары айналма жолы, ТЭО

48 млн

Көктоғай

1 млрд 060 млн

Елтай

1 млрд 491 млн

Индербор

2 млрд 452 млн

Есбол

2 млрд 380 млн

Ақтан, Қызылжар

298 млн

Аққкыстау

1 млрд 139 млн

Исатай

938 млн

Тқщықұдық

852 млн

Мақат, Байгетөбе

620 млн+891млн+800 млн

Ақтоғай

268 млн

Талдыкөл

208 млн

Бейбарыс

829 млн

Жамансор

746 млн

Нұржау

777 млн

Жанбай

967 млн

Бейбарыс даңғылы

12 млрд 472 млн

Береке ауылы

1 млрд 575 млн


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 қазан 2020, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.