Атырау, 19 мамыр 16:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жұмыскерде 300 орындық жаңа мектеп ашылды

Сурет
7 418 просмотра

Қала маңындағы Жұмыскер ауылында 300 орындық Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің жаңа ғимараты ашылды.

Бірнеше жыл бұрын 1965 жылы іргесі қаланған Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп ғимаратының тозығы жетіп, апатты деп танылып,  мектепті бұзып, орнына заманауи білім ошағын салу міндеті туындады. Былтыр облыстық бюджеттен жаңа мектеп салуға 340 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Мектептің құрылыс жұмыстарын «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС өткен жылдың шілде айында бастады. Екі қабатты мектеп ғимараты физика, химия, информатика кабинеттері, зертханалар, акт залы, асхана, Stem-кабинетпен жабдықталған.

Бұрынғы ғимарат бір ауысымда 160 оқу орнына, жаңа ғимарат 300 орынға есептелген. Құрылыс жүріп жатқан кезде 67 мұғалім мен 682 оқушы уақытша басқа мектептерде, соның ішінде, Исатай Тайманов атындағы орта мектепте оқуға мәжбүр болды. Енді Тайманов мектебінің оқушылары екі ауысымға кері оралды, бұрын үш ауысыммен оқуға тура келген еді.

Жұмыскердегі жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысқан Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, Атырауда мұндай апатты Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп қана қалған.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

6 қазан 2020, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.