Атырау, 19 мамыр 18:09
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түркістан облысында 23 жастағы әйел алты баланың анасы атанды

2 809 просмотра

Түркістан облысы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева алты баланың анасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол облыстың № 1 перинаталдық орталығында үшем босанды. Еркінай алғашқы баласын 18 жасында босанған. Үш баласы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм болып туылды және олардың есімі Ақжан, Маржан және Бақжан. Жас отбасының бұған дейін бір ұл, екі қызы болған.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің жағдайы нашарлаған. Сондықтан ол балаларды уақытынан бұрын - жүктіліктің 8-ші айында босанды. Анасы мен балаларының өміріне қауіп төнбеуі үшін дәрігерлер кесір тілігін жасаған. Қазір олардың жағдайы жақсы.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық № 1 перзентханада осы жылы 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Аймақта өткен жылмен салыстырғанда бала туу көбейген. Жыл басынан бері 45 030 нәресте туылған.

5 қазан 2020, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.