Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жаууы мүмкін

2 989 просмотра

Қазақстанда 6-8 қазанда республиканың көптеген өңірінде ауа температурасы минусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклон әсер ететін болады. Осыған байланысты түнде ауа температурасы салқындап, нөлден төмендейді", - делінген ақпаратта.

Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон ықпал етеді. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, бұл аймақта түнде және таңертең тұман түседі.

Айта кетейік, 10 қазаннан кейін еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы төмендейді.


5 қазан 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.