Атырау, 4 мамыр 02:56
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

20-мектепке бомба қойылды деген хабар жалған боп шықты

3 955 просмотра

102 пультіне Атырау қаласындағы №20 мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген қоңырау түскен. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер мектепті қоршауға алып, ғимаратты тексерді. Алдын ала ақпарат бойынша, қоңырау жалған боп шыққан. Олай болса, полиция енді жалған террористі іздестіреді.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, қоңырау түскеннен кейін мектеп ғимаратынан 124 оқушы, 14 мұғалім және 30 қызметкер толық шығарылған. Жарылғыш құрылғы туралы ақпарат жалған болып шықты. Полиция анықтағандай, психикалық ауытқушылығы бар 24 жастағы жігіт қоңырау шалған екен.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

30 қыркүйек 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.