Атырау, 17 мамыр 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Украинаның әуе компаниясы Ереванға рейс ұшыруды тоқтатты

2 431 просмотра

“Украина халықаралық әуе желісі” 28 қыркүйекте Ереванға рейстер ұшыруды тоқтатты. Жақын арада Бакуге ұшатын рейстерге де шектеу қойылуы ықтимал. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Киевте шоғырланған әуе компаниясы дүйсенбі күні таратқан мәлімдемесінде Әзербайжан мен Арменияның әуе кеңістігінде ұшудың қауіпсіз екеніне көзі жетпегендіктен Ереван бағытындағы рейсті тоқтатқанын жазған.

Әуе компаниясы Киевтен Ереванға ұшатын рейс – 2-3 қазанға, Киевтен Бакуге ұшатын рейстің 4 қазанға белгіленгенін, дегенмен бұл жоспар да өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.

Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Армян басылымдарының мәліметіне сүйенген BBC сайтының жазуынша, өткен түні әзербайжан әскерилерінің Мартакерт қаласын атқылауы кезінде балалар мерт болған. Әзербайжан тарабы Арменияның энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасағанын хабарлады. Қақтығыс барысында тараптар тікұшақ, дрон, танкілер пайдаланып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, екі тараптан барлығы 65 адам қаза тапқан.

Биыл қаңтар айында Тегеран мен Вашингтон арасында жағдай ушығып тұрған шақта Иранның қауіпсіздік күштері "Украина халықаралық әуе желісі" компаниясының жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсірген. Ұшақта болған 176 адам түгел мерт болған.

Ұшақ апаты болмай тұрып бірнеше сағат бұрын Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылап, генерал өлімі үшін АҚШ-тан "кек қайтармақ болған еді".

29 қыркүйек 2020, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.