Атырау, 17 мамыр 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

3 191 просмотра

Қазақстандық банкте жұмыс істеп жүргенде депозиттерден ірі көлемде ақша ұрлаған әйел Дубай қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 57 жастағы әйел бірнеше жыл бойы өз клиенттерінің депозитінен ақшаны басқа есепшоттарға аударып отырған. Шығынның жалпы көлемі 32 миллион теңгеден асты.

"Қылмыстық жазадан құтылмақшы болған әйел Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен. Содан Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған болатын. 18 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 189 бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша іздеуге салынған банктің бұрынғы қызметкері Дубай қаласында ұсталып, Қазақстанға депортацияланды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.


29 қыркүйек 2020, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.